Интернационалист жауынгерлермен жүздесті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жас қызметкерлері жыл сайынғы жақсы дәстүрдің ізімен интернационалист-жауынгерлермен кездесті.
Шараға облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Рустан Ахметжанов, интернационалист-жауынгерлер Талғат Самаратов, Мұратбек Қожахметов, Эрик Тәттібаев, сондай-ақ, ЕС-164/1 мекемесінің еңбек сіңірген зейнеткері, әділет аға прапорщигі Дулатбек Тоқпаев, сондай-ақ, ЕС-164/1, ЕС-164/3, ЕС-164/6, ЕС-164/9 мекемесінің жас қызметкерлері қатысты.
«9 жыл ішінде бұл соғыс 15 000-нан астам сарбазды өмірден алып кетті. Соғыстан өткендер экстремалды жағдайларда болған және өлімнің бетіне қараған. Біз мырыш табыттарында жас балаларды, қызметтестерімізді қалай алып кеткенін көрдік», – деді интернационалист-жауынгер Мұратбек Сәдуақасұлы.
Салтанатты жиында департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ауғанстанның аумағында құқық тәртібі мен қауіпсіздігінің қалыптасуындағы ардагерлердің үлесін атап өтті.
– Қаза тапқандардың ерлігін еске ала отырып, біз қазір өмір сүріп жатқан жауынгерлік іс-қимылдарды, қаза тапқан жолдастарымыздың отбасылары туралы ұмытуға құқымыз жоқ. Осы атаулы күні мықты денсаулық, амандық, бақыт және оптимизм тілейміз. Бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан барлық ардагерлерге, Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге тағзым етеміз, соғыс және жақындарымызды жоғалтудың не екенін білмейміз. Сіздер жас ұрпақ үшін үлгі боласыздар, – деп атап өтті Рустан Ахметжанов.
Жиын соңында ардагерлер қылмыстық атқару жүйесінің жаңа буынына Отанға лайықты қызмет етуге, өз борышын адал және шексіз орындауға тілек білдірді.

Мәдина ЕРҒАЛИЕВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*