Рәміздер алаңындағы рәсім

Жуырда Рәміздер алаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Шараға ҚАЖ департаменті басшылығы мен жеке құрамы, ҚАЖ ардагерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты.
Салтанатты жиында Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сап түзеп, Әнұран орындалған соң, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына тағзым ету үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.
Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов жеке құрамға қызметтік міндеттерін мінсіз орындап, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тілеп, жас қызметкерлерге анттарына берік, қызметте адал және төзімді болуларына тілектестігін білдірді.
Қылмыстық атқару жүйесіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкер қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді. Шара барысында қызметте жақсы жетістіктерге жеткен 12 қызметкер Ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, департаменттің Сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу тобының бас маманы, әділет капитаны Ж. Есмахановқа кезекті арнаулы «әділет майоры» атағы берілсе, Режим тобының АМІЖ аға жедел уәкілі, әділет майоры А. Махашовқа «әділет подполковнигі» атағы берілді. Сала ардагерлері қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өздерінің естеліктерін айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге мемлекеттің және халықтың мүдделерін абыроймен және намыспен қорғауларына сәттілік тіледі.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*