«Үздік психологиялық газет»

«ЕС-164/6 мекемесі» РММ базасында «Үздік психологиялық газет» байқауының бірінші кезеңі өтті.
Аталған конкурс әлеуметтік-психологиялық білімді арттыру, өмірдің психологиялық аспектілерін зерделеу, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін арттыру және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде сотталған әйелдер еңбек-өндірістік қызметке және қоғамдық өмірге белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар, шығармашылық қызметті жақсы көреді.
Байқауға 3 жасақ қатысты, психологиялық газетке: «Өз-өзіне психолог», «Танымал ақпарат», «Пайдалы ақпарат», «Психологиялық қалжың» атты міндетті айдарлар кірді. Сондай-ақ, газеттің атауы мен өзекті ұраны және жасақ нөмірі болды.
Байқау қорытындысын төрешілер комиссиясы шығарды. Оның құрамында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД тәрбие бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Ж. Шәкіржанова, ЕС-164/6 мекемесі бастығының жедел-режим жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ. Сүлейменов, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының» психологы Т. Оразов, №9 ОМ психологы Т. Попова, №23 ОМ психологы Ж. Жүсіпова болды.
Бірінші орынға ие болған жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен және грамотамен марапатталды. Екінші және үшінші орын алған жүлдегерлер Қылмыстық атқару кодексінің 128-бабына сәйкес сыйлықтармен, грамоталармен және өзге де көтермелеумен марапатталды.
Осындай іс-шаралар сотталғандар арасында деструктивті жүріс-тұрыс пен төтенше жағдайлардың алдын алу ісіне қомақты үлес қосады.

Бөкенбай ЖҮСІПОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*