Полицей – қорғаушы

Ақмола полицейлері Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына арнап танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Ақмола тәртіп сақшылары Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Полицей – қорғаушы» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
ЖҚАЖ жауынгерлері оқушылар үшін көрсетілімдік қойылымдар дайындаса, ЖБО қызметкерлері жедел басқарудың ақпараттық-аналитикалық жұмысы туралы айтып берді.
ЖҚАЖ қызметкерлері балаларды керек-жарақпен және қарумен таныстырып, қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Өзін-өзі қорғаудың негізгі тәсілдерін көрнекі көрсету балаларды қызықтырғаны соншалық, жас батырлар сол жерде оларды меңгеруге ниет білдірді.
Айта кету керек, қызметтің көп бөлігін ЖҚАЖ жауынгерлері жаттығуларға арнайды: қоян-қолтық ұрыс, кедергілер жолағы, кепілге алынғандарды босату және т.б.
ЖБО-да балаларға орталықтың озық компьютерлік технологияларын, байланыс және телекоммуникация құралдарын қалай пайдаланатыны туралы айтты.
Телеэкрандар, заманауи техника, сондай-ақ, Көкшетау қаласында орналасқан бейнекамералардың жұмысын көрнекі көру мүмкіндігі зияткерлік мектеп оқушыларының бейжай қалдырмады, балалар монитор беттерінен таныс көшелер мен аулаларды тамашалады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*