Бүркіттей самға, еліңді қорға

Елімізде Жастар жылының жариялануы Елбасының жас буынға арналған жарқын үндеуіне айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі еліміздің ең басты назарында болды. Жастар – ХХІ ғасырда Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты
Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі және Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы бірлесіп салтанатты іс-шарасы өткізді. Қатысушыларды және кітапхана ұжымын кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Ерболат Қойшиев Жеңіс күнімен құттықтап, Жастар жылына арналған бағдарлама мен «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттер тақырыбына арналған дөңгелек үстелдің ұсынымдарын жеткізді.
Салтанатты іс-шара соңы кітапхана ұжымының және күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің мерекеге арналған концерттік бағдарламасына ұласты.
Концерттік бағдарламада кітапхана қызметкерлерінің «Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі» атты көрінісі қойылып, Фироза Таупен Ф. Оңғарсынованың «Ағалар» өлеңін, Алида Сүндетқалиева «Әкеге сағыныш» атты монологты оқыса, күзет қызметі басқармасының полицейі, полиция старшинасы Бекзат Заев орындауындағы «Ұлы Дала» және «Бір ел болса» атты әндерін тамашалады.

Ақболат КЕҢЕСОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*