Ерлердің аты өшпейді

6 мамыр күні Көліктегі Полиция департаментінде Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара «Мәңгілік ұмытылмас есімдер» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Ескерткіш алдындағы Құрметті қарауылда департамент басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданына қатысушылар мен ішкі істер органдарының ардагерлері тұрды. Олар сұрапыл соғыс даласында мәңгі қалғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Департамент бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов барлық Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданына қатысушылар мен ішкі істер органдарының ардагерлерін қос бірдей мерекемен шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.
Оның айтуынша, биыл департаментте Ұлы Жеңістің 74 жылдығын үш бірдей Ұлы Отан соғысының ардагері, 30 тыл еңбеккері мен ҰОС қатысушылардың жесірлері атап өтпек. Барлығына материалдық көмек көрсетілді. Мерекелік іс-шараға қатыса алмаған ардагерлерге сыйлықтар үйлеріне арнайы барып, табыс етілді.
Мереке құрметіне орай, қызметтік борышын адал атқарғандары үшін 88 көлік полицейі ІІМ және департаменттің медальдарымен, грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, 56 тыл еңбеккері мен ішкі істер органдарының ардагерлері де марапатқа ие болды.
Ал 10 көлік полицейі үшін бұл күн олардың өмірлеріндегі есте қаларлық басты оқиғалардың бірі болмақ: бұл күні жас тәртіп сақшылары ант қабылдады. Олар ведомство басшылығы мен көптеген қызметтестері алдында туған Отанымызға және тәртіп сақшылары қызметіне әрқашан адал болуға ант берді.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шәймерденов өз сөзінде полицейлер жұмысының қиын әрі жауапкершілігі мол екендігін және оған үлкен шыдамдылық пен әділдіктің талап етілетіндігін айтты. Сондай-ақ, ол жас офицерлерге Қазақстанның Көлік полициясының даңқты дәстүрін абыроймен жалғастыра берулеріне тілектестік білдірді.
Салтанатты іс-шара департаменттің көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған мерекелік концертке және басқа да шараларға жалғасты.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*