Өкілдіктегі мәдени кеш

Қызылордалық полицейлер Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті.
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған іс-шараға Президенттің «Байқоңыр кешеніндегі» арнаулы Өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов, Өкілдіктің басшы құрамы мен жеке құрамы қатысты. Өкілдік бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Қасым Әбуов қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде М. Демесінов Өкілдіктің барша қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тілеп, Алғыс хаттармен марапаттады.
ІІМ, Қызылорда облысының ПД және Өкілдіктің марапаттау бұйрықтары оқылып, біршама қызметкер арнаулы атақтармен, ведомстволық медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара аумақтың белсенді жастары және өнерпаздарының ән-билерін тамашалаумен жалғасын тапты.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*