Мереке қарсаңындағы марапат

6 мамырда Қостанай облысы Полиция департаментінің Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті.
Шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен департамент басшылары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, шейіт болған сарбаздар рухына тағзым етті.
Қос мерекемен құттықтау үшін Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мереке Альшагиров сөз алды.
– Құрметті ардагерлер, сонау зұлмат жылдары ерлік танытып, Отан үшін, бейбіт болашақ үшін күрескен сіздерге қарыздармыз. Бүгінгі ұрпақ сіздердің ерліктеріңіздің алдында бас иеді. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Жеңістің 74 жылдығы, Отан қорғаушы күні қарсаңында баршаңызға зор бақыт, қажымас қайрат, денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді.
Сонымен қатар, Мереке Нағашыбайұлы мерекеге орай бір топ ардагерге Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Бекет Аймағамбетовтің атынан алғыс хаттарын табыс етті.
Бұл күні Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаевтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкер атақ-абыройға бөленді.
Атап айтсақ, Қостанай облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Сергей Фахрутдиновке «Полиция подполковнигі» атағы берілді.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қостанай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Айбат Қабажаев марапатталды.
II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» медалі Қостанай облысы, Қамысты ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болат Имановқа және Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Андрей Давыдовқа берілді.
ІІМ Құрмет грамотасымен Қостанай облысы ПД Штаб-басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мейрам Қажкенов, ІІМ грамотасымен Қостанай облысы ПД жедел уәкілі, полиция капитаны Рафик Гасанов және Қостанай облысы ПД аға криминалисті, полиция майоры Ахмед Еличева марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар қызметкерге Ішкі істер министрінің Алғыс хаты табыс етілді.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*