Ерлікке тағзым – ұрпаққа өнеге

Отан қорғаушы күні және Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Салтанатты жиынға қылмыстық атқару жүйесінің ардагерлері мен Алматы қалалық әкімдігі жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктері қалалық Үйлестіру кеңесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, әскери училище курсанттары 28 панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, қызметтегі табыстары үшін ҚАЖД-ның бірқатар қызметкеріне Ішкі істер министрінің, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті және департамент басшыларының марапаттары табысталды.
Алматы қаласы Түрік мәдени орталығының басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Қазақбай Касимов, Халықаралық полиция қауымдастығы Қазақстан секциясы Алматы аумағы директорының орынбасары Анатолий Серіков, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаевтар соғыс ардагерлерін құттықтап, олардың ерліктерін жас ұрпаққа үлгі етті.
Мерекеге арналған іс-шара соңында ҚАЖД жас мамандары ант қабылдады.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Суретті түсірген автор

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*