Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Әлбетте, өз ғұмырын басқа біреудің өмірін құтқару үшін қию, соған тәуекел ету екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін үлкен жүрек пен кіршіксіз адалдық қажет. Сондықтан да өрт сөндіруші мамандығын тек күшті және батыл адамдар таңдайды. Осындай асыл парызды орындау міндетін таңдаған Талғат Жантасов адамды құтқару кезінде қайтыс болды.
Талғат Сапарұлы 1968 жылы 14 сәуірде Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Вишневка кентінде дүниеге келген. 1985 жылы Урицкий орта мектебін бітірді. 1986 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылды. 1988-1989 жылдары Урицкий автожол мектебінде оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін Ленинград ауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары Западный кеңшарының штатында еңбек етіп, 2000 жылдың ақпан айынан Қостанай қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші ретінде өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етті.
Оқиға орын алған сол күні, яғни 2001 жылғы 9 наурызда ГТҚҚ буыны Омар Шипин көшесіндегі тұрғын үйдегі өртке барлау жүргізді. Онда Талғат Сапарұлы жанып жатқан үйден алдымен баланы алып шығып, содан кейін құжаттарын іздеп кеткен үй иесі үшін қайта ішке кірді. Әріптестері оларды жанып жатқан үйден шығарғанда бәрі кеш еді. Ішкі қызметтің кіші сержанты Талғат Жантасовтың жағдайы тым ауыр болды.
Талғат өзінің ұлын да ержүрек болуға тәрбиелеген. «Ол жұмысқа қарамастан, ұлымен сөйлесуге әрдайым уақыт тапты, – деп еске алады қаза тапқан батырдың жұбайы. – Балаға көп көңіл бөлді. Тіпті, ата-аналар комитетінде белсенді мүше болып, қандай көмек сұраса да, қолынан келгенше көмектесті. Ол өз отбасы үшін бәрін жасауға тырысты».
Талғаттың ұлы Айдар бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Талғат Жантасовтың және басқа да жолдастарының ерлігіне орай жыл сайын 16 желтоқсанда және өрт сөндірушілердің кәсіби мерекесінде оның әріптестері спорттық турнирлер өткізеді.
«Өзгенің өмірі үшін өз өмірін қиған қызметкерлеріңізді есте сақтап, құрметтеп және ұмытпай жүргендеріңіз үшін рахмет! Осынау қауіпті де қиын жұмыста жүрген әрбір адамның кезекті тапсырмадан және өрттен тірі, дені сау болып оралғандарын тілейміз. Әкесі өрт сөндіруші-құтқарушы қызметінде жүріп қаза тапқанда, Айдар 9 жаста ғана еді. Ішкі қызметтің кіші сержанты Талғат ұлының азамат болғанын көре алмай кетті. Айдар мектеп бітіргенде әкесінің орнына №2 МӨСБ құтқарушылары кішкентай баланың тілегін орындады. Өрт сөндірушілер үлкен және жаңа көлікпен келіп, баланы рөлдің алдына отырғызып: «Тілегінді айт, алтын балық сенің барлық тілегіңді орындайды», – деп, аквариумдағы балық сыйлады. Сол кезде Айдар: «Онда балық әкемді тірі қалпында қайтарсыншы», – деп жылап жіберді. Жігіттер бір сәтке үнсіз қалды, олардың өңі бозарып кеткен еді», – дейді батырдың жары.
Содан бері 17 жыл өтіпті. Айдар полктің ұлы болып саналады және әрқашан да әкесінің әріптестерімен жақын байланыста.

Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*