Аймақтық департаменттердегі ауыс-түйіс

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысының Полиция департаменті басшысы лауазымына полиция полковнигі Файзуллин Ерлан Жұмасейітұлы тағайындалды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Ерлан Қошановпен бірге жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.
Е.Ж. Файзуллин 1973 жылы туған, жоғары білімді. 1995 жылдың қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдарында орта және жоғары басшылық қызметтердің әртүрлі жедел қызметінде жұмыс істеген.
Басшы лауазымдарда тәжірибесі бар. Қостанай облысының ПД Федоров ауданы Полиция бөлімінің бастығы, осы бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*