Шаштараз мамандығын игеруде

Қылмыс жасап, істі болған адамдардың қателігін түзеп, қоғамнан өз орнын табулары үшін атқарылып жатқан жұмыс шашетектен. Солардың бірі – Елбасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығы. Осы Жарлық негізінде бүгінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды әлеуметтік жағынан оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын жүзеге асыру мақсатында түрлі қанатқақты жобалар жүзеге асырылуда.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 тергеу изоляторы жуырда жоғарыда аталған стратегия негізінде «Оңалту түрмесі» атты жобаны қолға алды.
Мекемедегі шаруашылық қызметке қалдырылған сотталғандар арасында жүзеге асырыла бастаған бұл жобаның мақсаты – «адам бас бостандығынан айырылды, сонымен жазаланды» қағидасын есепке ала отырып, сотталғандарға жазасын өтеу кезінде көмек көрсету. Жазалы адамдарға көмек көрсетудің ұтымды жолы – олардың бір кәсіпті меңгеріп, сол арқылы бостандыққа шыққан кезде өзінің әлеуметтік жағдайын өзі түзеп алуына мүмкіндік жасау.
Табысы бар адамдардың қайталап қылмысқа ұрынбайтынын ескерген мекеме басшылығы наурыз айында ЛА-155/8 түзеу мекемесінде Қамқоршылық кеңестің төрағасы Евгений Петровтың жәрдемімен «Шаштараз» оқыту курсын ашқан болатын. Бүгінгі таңда аптасына 2 рет «Шаштараз» курсын өз ісінің маманы Ольга Штирц өткізуде. Қазір өте жоғары сұранысқа ие шаштараз мамандығын игеруге қызығушылық танытқан сотталғандардың болашақта табысты кәсіп иесі болатындарына сенімдері мол.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*