Камераның көмегі көп

Солтүстік Қазақстан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 46 қылмыс ашылды.
Сақшылар бейнебақылау камераларының көмегімен 46 қылмыстық және 4800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл – жыл басынан бері бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі.
Сәуір айының ортасында полицияға Караванная көшесінде белгісіз адамдар дүкен терезесінің шынысын сындырып, ақшаны қолды қылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жасақтары 1990 және 1979 жылдары туған Жұмысшы кентінің бұрын істі болған екі тұрғынын құрықтады. Жедел басқару орталығы инспекторларының сауатты жұмысы арқылы оларды іздерін суытпай анықтау мүмкін болды. Бейнебақылау инспекторлары қаскөйлердің әр қадамын камерамен бақылап, көлік жасақтарына хабарлап отырды. Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері аталған фактіні Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді.
Қазіргі уақытта облыста 1204 камера жұмыс істейді десек, оның 602-сі облыс орталығының жақын маңдағы учаскелік полиция пункттеріне қосылған. Полиция пункттеріндегі қызметкерлер камералар арқылы учаскелеріндегі тәртіпті қадағалап отырады. Полицейлердің айтуынша, қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамералар қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.
Петропавл қаласы ПБ Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қуандық Ысқақовтың сөзінше, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 4816 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың 3933-і жол қозғалысы ережелерінің, ал 494-і қоғамдық тәртіптің басқа да бұзушылықтары.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*