Зиялы қауым өкілдерін қабылдады

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында бірқатар зиялы қауым өкілдерін қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаевпен кездесіп, төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті академик Уәлихан Қалижанды қабылдады. Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*