Туристік полиция топтарының тұсаукесері

29 сәуірде Ақмола облысы туристік полиция бөлімшелерінің тұсаукесері өтті. Облыстық Полиция департаментінің алаңында жаңа бөлімшенің жеке құрамының салтанатты сап түзеді.

Шарада Ақмола облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов әр топтың аға инспекторларына қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Туристік полиция қызметкерлеріне арнаған сөзінде ведомство басшысы шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ақмола облысының қолайлы инвестициялық ахуалының басты аспектісі болып табылатынын атап өтті. «Бізге шетелдік қонақтарға халықаралық деңгейде кеңестік және ақпараттық қызмет көрсету жауапкершілігі артылды», – деді генерал-майор Берік Біләлов.

Ақмола облысында Бурабай және Зеренді аудандарында бес қызметкерден тұратын екі туристік полиция тобы жұмыс істейді. Бұл аудандарда қажетті техникамен жабдықталған полицейлер модульдері орналасқан, ал жаңа қызмет қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен және рациялармен жабдықталған.

Ақмола облысы туристік полициясының көптеген қызметкерлері үш тілді жетік меңгергендігіне қарамастан, департамент басшылығы алдағы уақытта облыс орталығының жоғары оқу орындары базасында шет тілдерін меңгеруді жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, көші-қон қызметі орталығында «Е-виза» және «Е-қонақ үй» электронды деректер базасы қолданысқа енгізілуде. Қазіргі уақытта 117 елдің азаматтары үшін визалар электронды түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде автоматты түрде тіркеледі.

«Е-қонақ үй» деректер базасы шетелдіктердің тұратын жерлерін есепке алуды қалыптастыруға мүмкіндік береді және тіркеу үшін полицияға бару міндетінен босатады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*