Халықпен байланыстың жаңа форматы

 

Павлодар облысы Полиция департаментінде азаматтарды қабылдауға арналған фронт-кеңсе ашылды.

Елбасы Жолдауы және ішкі істер органдарын жаңартудың Жол картасын іске асыру аясында павлодарлық полицейлер халықпен кедергісіз жұмысты іске асыруға көшті және халықпен байланыстың жаңа форматын енгізді.

– Фронт-кеңсе заманауи талаптарға және стандарттарға сай келеді, қауіпсіздік жеке қызметтік жай салынды: күтуге арналған жайлы орын бар, ақпараттық стендтер, қажетті техника, интернет және ақпараттық базаға шығу мүмкіндігі жасалған, балаларымен келген келушілерге мультфильмдер қосылады, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус орнатылған. Аудио және бейнежазба ұдайы жүргізіледі. Жедел басқару орталығымен біріктірілген бейнебақылау жүйесі бар, – деп атап өтті департамент бастығы, генерал Әубәкіров Амантай.

Бұрын барлық сұрақтар бойынша, оның ішінде криминалдық емес сипаттағы мәселелер бойынша азаматтар полицияның кезекші бөлімдеріне немесе өздерінің учаскелік инспекторларына жүгінуге мәжбүр болатын. Енді біздің облысымыздың кез келген түрғыны қысқа мерзімде жайлы жағдайда полицияның қызметінің барлық бағыттары бойынша толық кеңес ала алады.

Біз азаматтарды қабылдауға ыңғайлы кесте жасадық (сағат 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін түскі үзіліссіз). Ресепшнде келушілерді арнайы даярлықтан өткен кеңесшілер – штаттан тыс қызметкерлер қарсы алады, олар жүгіну сипатын айқындайды және қажеттілігіне қарай керекті маманды шақыртады.

Одан әрі біз түскен жүгінулерді мониторингілеуді жоспарлаймыз және барынша өзекті мәселелерді айқындап, белгілі қызметтердің тақырыптық күндерін өткіземіз. Мысалы, дүйсенбі – көші-қон мәселелері бойынша кеңес беру күні, сейсенбі – лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, сәрсенбі – кадр қызметі және т.с.с. Фронт-кеңсенің жұмысы туралы барлық ақпарат департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.

Мында бөлек жайлы кабинеттер бар, онда мамандар келушілерге жеке кеңес беруге дайын.

Фронт-кеңсені құру – бүгінгі күннің талабы, себебі полиция бөлімдерінде азаматтардын қабылдау орындары ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, бұл өз ретінде халықтың полицияға деген сенімін едәуір арттыра түседі.

Ертіс өңірінің тұрғындарында ішкі істер органдарының құзыретіндегі қызығушылық тудыратын барлық мәселе бойынша мамандардан кеңес пен түсініктемелер алуға мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, бұл азаматтардың өтініштерін қарау уақытын қысқартуға, полиция жұмысын ашық және қолжетімді қылуға, сондай-ақ, азаматтардың барлық мәселелерін шешуде жеделділік танытуға жағдай туғызады.

Осыған ұқсас «Азаматтарды қабылдау орны» барлық аумақтық полиция бөлімдерінде ашылады.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*