Ұлтаралық келісім – ұлы байлығымыз

Ақмола облысының өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ақмола полицейлері түрлі ұлттардан құралған әріптестеріне арнап ерекше экскурсия ұйымдастырды. Оған 20-дан астам ұлт өкілдері қатысты. Олар көп жылдар бойы Ақмола облысының Полиция департаменті қатарында қызмет етеді, ішінде қазақтар, орыстар, дүнгендер, татарлар, немістер, беларусьтар, корейлер, поляктар, украиндықтар және т.б. бар.

Бұл күні қонақтардың назарына Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде орналасқан әрбір ұлттық орталықтың этнографиялық көрмелері ұсынылды. Оның аумағында 15 тақырыптық павильон бар, олардың әрқайсысында еліміздің әртүрлі этностарының мәдениеті мен тұрмысының элементтері көрсетілген. Осы шағын мұражайларда тәртіп сақшылары киім-кешек заттарымен, дәстүрлі әшекейлермен, ұлттық салт-дәстүрлермен танысты.

Айта кету керек, мәдениет орталықтарының негізін қалаушылар Көкшетау қаласы мен облыстың танымал тұрғындары, сондай-ақ, ұлттық мәдениет орталықтарының жұмысына белсенді демеушілік көрсететін жеке кәсіпкерлер болып табылады.

Экскурсия аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел өтіп, онда полиэтникалық қоғамның қазіргі даму тенденциялары талқыланды. Осы күні өткен дөңгелек үстелдің ерекшелігі – әңгіме тек мемлекеттік тілде жүргізілді.

Дөңгелек үстел қатысушыларына «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киіков және татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев құттықтау сөзін жеткізді.

Іс-шараның ортақ желісі – заманауи Қазақстанның бейбітшілігі мен ұлтаралық келісім тақырыптары болды.

Іс-шараны Ақмола облысы Полиция департаментінің кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*