Облыс командасы сақадай сай

Солтүстік Қазақстан облысының полиция балуандары Ішкі істер министрлігінің чемпионатына жолдама алу үшін боз кілемде шеберліктерін көрсетті.

Осы жылы Ішкі істер министрлігінің қазақ күресінен болатын чемпионатын екінші мәрте Солтүстік Қазақстан өңірі қабылдамақ. Чемпионатта өңір намысын кімдер қорғайды? Бұны аудандық Полиция бөлімдерінен, қалалық Полиция басқармасы мен Полиция департаментінен жиналған 12 команда сарапқа салды. Іріктеу сайыстары «Динамо» спорт кешенінде өтті.

«Қазақ күресі – ақылдылардың күресі, – дейді облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Қожаев. – Бастапқы кезде спорттың бұл түрінде салмақ дәрежесі болмаған, балуан кез келген салмақтағы қарсыласпен тартысқа түсетін. Сондықтан күрестің стратегиясын ойластырып, тәсілін жылдам өзгерту қажет болды. Ұлттық күрес – полицейлердің сүйікті спорт түрлерінің бірі. Жарыстарда Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері үздіктер қатарынан көрініп жүр. Оларға қойылатын талаптар зор. Жылдам шешім қабылдап, төзімділік көрсетіп, бар күштерін салулары тиіс».

Өңірдің намысын қорғау облыстық ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлеріне бұйырды. Олар 5 салмақ дәрежесінің төртеуінде үздік болып, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Ауыр салмақ категориясында Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкері Талғат Төлешов үздік шықты. Бес жеңімпаз ІІМ Чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысы атынан өнер көрсетеді.

Екінші жалпыкомандалық орынды Қызылжар ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері, үшінші орынды Тайынша ауданының полицейлері еншіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*