Мереке қарсаңындағы мерейлі жарыс

Мамыр мерекелері қарсаңында көлік полицейлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыру, саламатты өмір салтын және спортты насихаттау.

Футбол – көлік полицейлерінің сүйікті спорт түрлерінің бірі екенін айта кету керек. Кезекті ойынға 5 команда қатысты, олар – жедел бөліністер, департамент аппаратының қосалқы қызметтері, Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальоны, Арыс, Шымкент және Түркістан стансаларындағы Желілік полиция бөлімдері қызметкерлері.

Жарыс қызықты да тартысты өтті. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. 1-орынды Көліктегі Полиция департаменті, 2-орынды Арыс стансасындағы ЖПБ және 3-орынды Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының 4-ротасы иеленді.

Құрметті орындарға ие болған барлық командаларға және үздік ойыншыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздар командасына департаменттің ауыспалы кубогы берілді.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*