Үгіт бригадаларының үздіктері

Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайысын ұйымдастырды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайысы  өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұру дағдысын дамыту, саламатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру.

Сайысқа 40 үгіт бригадасы (316 оқушы, студент) қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерімен өздерінің үгіттеу шараларын және театрландырылған  қойылымдарын көрсетті.

Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды.

Құрылған сайыстық комиссия шешіміне сай Сырдария ауданы №35 орта  мектебі жеңімпаз атанса, 2-орынды Шиелі ауданы №252 орта мектебі және 3-орынды Жаңақорған ауданы №52 орта мектебі иеленді.

Сайыс нәтижелері бойынша 18 оқу орнының командаларына бағалы сыйлықтар табысталып, 22 оқу орнының командалары алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

     

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*