Бағдарламаның екінші кезеңі

Полицияның мектеп инспекторлары синтетикалық есірткі заттары мен «дәріханалық» нашақорлық проблемасын талқылады.
29 сәуірден бастап ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен және «Еркін адамдар» қоғамдық қорымен бірлесіп синтетикалық есірткі заттары мен «дәріханалық» нашақорлық проблемасы бойынша бағдарламаның екінші кезеңін өткізіп жатыр.
Екінші кезең шеңберінде полицияның мектеп инспекторлары спикерлер ретінде оқудан өтеді. Олар өз кезегінде оқу жылының соңына дейін әкімдіктің кестесі бойынша оқушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізбек.
Алдын алу бағдарламасының негізгі акценті жасөспірімдердің айналасындағы үлкен адамдарға, атап айтқанда, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған. Ол жасөспірімдер ортасына тән екі проблема – жаңа сипаттағы синтетикалық есірткі заттары мен «дәріханалық» нашақорлықты қамтиды.
Осы жылдың басында өткен бағдарламаның алғашқы кезеңінде астанамыздағы орта мектептердің оқу ісінің меңгерушілері қамтылған болатын. Педагогикалық қызметкерлерге интернет-ресурстар арқылы психобелсенді заттардың таралу тәсілдері, оны қолданудың белгілері мен салдарлары туралы ата-аналарға арналған бағдарлама таныстырылды.
Айта кетейік, өткен жылы ІІМ-нің бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі есірткі затары мен психобелсенді бұйымдарды жарнамалайтын және тарататын 5 мыңдай интернет-ресурсты бұғаттады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, есірткіге тәуелді адамдар саны 8,3 пайызға азайып, 22 788 адамды құрады. Оның ішінде кәмелетке толмағандар – 129 және әйелдер – 1716.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*