Іріктеуден іркілмеді

Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында самбодан республикалық деңгейде 3 кезеңнен тұратын облыстық іріктеу турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты – алда Түркістан облысы мен Теміртау қаласында өтетін республикалық турнирге спортшыларды іріктеу. Айта кететін болсақ, облыс төңірегінен барлық облыс спортшылары қатысты. Жарыста командалық есепте Қостанай қаласы бірінші орынды иеленді. Оның құрамында Академия курсанттары да бар. 2-курс курсанттары, полиция кіші сержанты Бекзат Жаңбыршинов пен полиция кіші сержанты Бағдәулет Жарқынбек өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанса, полиция қатарындағы Ғасыр Бәшір мен полиция қатарындағы Рахат Сейтмаханбет өз салмақтарында жүлделі 2-орынды иеленді және 1-курс курсанты, полиция қатарындағы Нұржан Жұмабеков өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Бұл курсанттардың осындай жетістіктері Академия жаттықтырушыларының еңбектері. Академия жаттықтырушылары – полиция подполковнигі Руслан Танқыбаев пен полиция майоры Ержан Кабидуллинов. Жарыс өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті.

Гүлнұр МАКСЕТОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*