Шаршы тақтадағы шайқас

№1 шахмат клубында өткен өрт сөндірушілер арасындағы шахмат жарысына 50 адам қатысты.
Турнир бес турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтті. Партия уақыты қарсыластардың әрқайсысына он минут берумен шектелді. Жарыстың бас төрешісі, азаматтық қорғау капитаны Н. Жалмағанбетовтың айтуынша, шахмат құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге өз қызметінің нәтижелерін ойлауға, салыстыруға, жалпылауға, болжауға және жоспарлауға үйретеді.
Жарыс қорытындысы бойынша Жәнібек Беркалы (Өрт сөндіруші» АҚ АФ) 1-орынды иеленді. 2-орынды Ануар Махамбетов (№1 МӨСБ) және 3-орынды Жұматай Аргинов (Темір ауданы №13 ӨСБ) жеңіп алды.
Жолдастық атмосферада өткен турнирде қатысушылар өздерінің төтенше оқиғаларға толы күнделікті өмірлерінен бір сәт алыстап, көңіл сергітіп, бір-бірлерімен араласып, уақыттарын пайдалы өткізе білді.

Ақтөбе облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*