Жаттығуда қиын, күресте оңай!

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен ҰҰ 6698 әскери бөлімі бірлесе бекіткен 2019 жылға арналған өзара қарым-қатынас іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Сотталғандардың топтасып қашуы» атты оқу-жаттығу өтті.
ИЧ-167/9 мекемесінің сыртқы аймағында Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А. Нұрсейітовтің басшылығымен өткен оқу-жаттығу барысында жоспар бойынша сотталғанның қашу дерегі орын алғандығы жөнінде кезекші дереу қарауыл бастығына хабарлап, онымен бірге ізге түсуді ұйымдастырды.
Жеке құрам дабыл бойынша жиналып, оқиға орын алған аймақты, қашу орнын қоршады. Жедел түрде қашқан адамдардың аты-жөндерін анықтау ұйымдастырылып, тез арада көлік құралдарын даярлық қалпына келтіру туралы тапсырмалар берілді. Кейін қашқан сотталғанды ұстау іс-шаралары және қозғалыс бағыттарының неғұрлым мүмкін болатын бағыттарына тосқауыл қою үшін жедел топтар жіберілді.
Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, сотталғандарды іздестіру және ұстау бойынша ұйымдастырылған арнайы операция жүзеге асырылды. Қызметкерлердің қырағылығы, өз істерін жіті меңгергендігі нәтижесінде, жаза өтеу мекемесінен қашқан сотталғандар ұсталып, қолдарына кісен салынды.
Соңында ұйымдастырылып атқарылған іс-шараға қорытынды жасалып, «Сотталғандардың топтасып қашуы» тақырыбында бірлесіп өткізілген оқу-жаттығуда қызметкерлерінің шыңдалған, бірлескен іс-қимылдарына жақсы деген баға берілді.

Б. ЖЫЛҚЫБАЕВ, Түркістан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*