Әмірліктер елшісімен кездесті

Өткен аптада Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Е. Тургумбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Әмірліктер арасындағы қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікірлерімен алмасты.
Сонымен қатар, араб тарабы Әбу-Даби қаласының полиция делегациясының ҚР ІІМ Ұлттық ұланның қызметімен танысу үшін осы жылғы 21-29 сәуір аралығында Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселесін қарастыруды ұсынды.
Кездесу өзара түсіністік және конструктивтік диалог жағдайында өтті.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*