Әскери ант – әсерлі сәт

Әскери ант – әр жауынгердің Отанына, халқына, үкіметіне, өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде жеке-жеке әскери ант береді және оны өзінің қолын қоюмен бекітеді. Отанына ант бере отырып, ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.
12 сәуірі күні Өскемен қаласының Полиция басқармасы жеке құрамының қатысуымен «Восток» стадионында жаздық киім үлгісіне ауысуға байланысты саптық байқау өтті. Шарада қызметкер қыз-жігіттер салтанатты түрде сап түзеп, өздерінің сақшылық қызметтеріне сақадай сай әзір екендіктерін көрсетті. Құжат пен басқа да қызметке күнделікті қажетті жеке заттары тексерілді. Саптық байқау барысында құқық қорғау қатарына жаңадан қосылып жатқан жас қызметкерлер көпшілік алдында әскери ант қабылдады.
– Бұл мен үшін ерекше күн, ерекше оқиға. Себебі, ант қабылдау өмірде бір-ақ рет болатын ең ыстық сәт. Міне, біз нағыз полиция қызметкері атандық. Отан алдында адал қызмет етіп, қандай жағдай болмасын қылмысқа қарсы күресте аянбай еңбек етіп, ел тыныштығын сақтауға өз үлесімді қосатын боламын, – деді жас қызметкер Салтанат Стамғазиева.

Өскемен қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*