Жемқорлықтың жолын кесер бастама

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев бастаған ведомствоның жеке құрамы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т. Жұмағұловпен екіжақты меморандум бойынша кездесу жиынын өткізді.
Жиынды Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аян Сабитұлы ашып, сөз кезегін алған Тоқтамыс Қадошұлы бүгінде мемлекеттік қызметтің 85%-ы электронды бағытқа көшірілгенін, «Атырау – адалдық алаңы» жобасының тиімді жұмыс атқарып жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде халықпен атқарушы органның оңтайлы байланысына бірден-бір себеп.
Сонымен қатар, полицейлерді толғандырған сұрақтарға жауап берілді. Сөз соңында Полиция департаментінің бастығы жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында агенттіктің бастамасымен қолға алынған жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*