ТЖ қызметкерлерімен кездесті

Жуырда ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес өткізетін қоғамдық мониторинг шеңберінде Нұр-сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Қоғамдық кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ қылмыстық сот төрелігі және ғылыми құқықтық сараптама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Марат Қоғамов жеке құраммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ 2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы есеп берді.
Марат Қоғамов жеке құрамға Қоғамдық кеңестің қызметі туралы, кеңестің жұмысы ішкі істер органдары жұмысының «ашықтығына», оның ішінде азаматтардың өтініштерімен, жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталғандығы туралы ақпарат берді. Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асырудағы маңызды рөлді атап өтті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық қорғау қызметтерінің маңызды рөлі белгіленіп, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы азаматтарды хабардар ету және ақпараттандыру мәселелерімен белсенді айналысуды ұсынды. Сонымен қатар, департамент қызметіндегі кадр саясатына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысында Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов бірқатар ұсыныстар берді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*