Басқосу реформаға арналды

Сәуірдің 4-5-і күндері Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіруге қатысты 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында халықаралық сарапшылармен кездесу өткізіліп, шет елдердің құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты озық тәжірибелері талқыланды.
Іс-шараға өз еліндегі полиция жүйесін реформалауға белсенді атсалысқан Грузия ішкі істерінің экс-министрі Екатерина Згуладзе қатысты. Кездесу интербелсенді жағдайда өтті. Кездесуді ашқан министрдің орынбасары Алексей Калайчиди шетелдердегі озық тәжірибелерді жан-жақты қарастыратын зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға ІІМ қызметінің басшылары мен өкілдері қатысты. Сондай ақ, кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов пен отандық беделді сарапшылар қатысты. Кездесу барысында шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі істер органдарын жетілдіру ісіне оң бағасын берді.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*