Курсанттарымен келелі кездесу

Таяуда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов Академияда білім алып жатқан Тәжікстан Республикасының 29 курсантымен кездесті.
Іс-шараға Академия бастығының орынбасарлары, полиция полковнигі А.Нурушев, полиция полковнигі Е.Каппасов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р.Аужанов және курс басшылары қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облыстық «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Холметов шақырылды.
2013 жылдан бастап Қостанай Академиясын 52 курсант жемісті аяқтап, өз туған елінде қызмет атқарып жатыр. Бүгінгі таңда оқу ордамызда 29 курсант білімдерін алып жатыр.
Полиция полковнигі Нұрлан Биекенов білімдерін шыңдап жатқан курсанттарға таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болу көп оқып, көп ізденісті талап ететіні туралы айтты. «Заман талабына сай Академияда барлық жағдайлар жасалынған. Біздің мақсатымыз – курсанттардың білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, саламатты, тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу» дей келіп, курсанттардың оқу үлгерімдері, тәртіптері, толеранттылық туралы, оқу ордамыздағы әртүрлі бағыттарда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары туралы да айтты.
«Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Э.Холметов Академияның басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына ризашылығын білдіріп, курсанттарға Академияда қызметтік тәртіпті сақтап, сапалы білім алып, таңдаған мамандықтарының кәсіби білікті маманы болып, ата-аналарының артқан үміттерін ақтаулары қажет деген тілегін білдірді.
Аталған іс-шара барысында курсанттар өз тарапынан оқу, ғылым мен білім салаларында бірталай сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының
баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*