Полицейлер балықшыны құтқарды

Оқиға Ерейментау ауданында болған. Наурыз айының 25-і күні Степногорск қаласының тұрғыны, 75 жастағы зейнеткер Леонид Рябошапко өзінің жеке көлігімен Сілеті су қоймасына балық аулауға барған.
Төрт күн бойы су қоймасындағы мұздың үстінде балық аулаған зейнеткер 29 наурызда үйіне қайтпақ болады. Таңертең тұрған ол өзінің мұз еріп, жағаға жақын жердегі «Құнай» аралында тұрғанын байқайды. Леонид Иванович тағы бірнеше күн аралда тұруға мәжбүр болады. Тек үрлемелі қайықтың көмегімен жағаға барып, жолдасы әкелген азық-түлік пен киім-кешектерін алып тұрған. Зейнеткердің сөзіне қарағанда, автокөлігін қараусыз қалдырғысы келмеген.
Алайда, зейнеткердің жүрек дертімен ауыратындығы және кардиостимулятор қолданатындығы құтқару жұмыстарын шұғыл жүргізуді талап етті. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен полицейлер құтқару шараларын жүзеге асырды. Бұған жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды. Нәтижесінде демалыс орындарының катері мен қолдан жасалған салдың көмегімен Леонид Иванович пен оның автокөлігі жағаға шығарылды.
Леонид Иванович өзін және автокөлігін мұз құрсауынан құтқарған ПБ бастығы Келден Сыздықов бастаған ерейментаулық полицейлерге алғысын білдірді.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*