Жолдағы заңсыздықтың алдын алады

ҚР ІІМ Көліктегі ПД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық, Түркітілдес мемлекеттері кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы тобы және Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасы, Алматы-1 темір жол вокзалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы-1 темір жол вокзалында «Жолаушы уақыты» әлеуметтік алдын алу акциясы өткізілді.
Акция мақсаты – темір жол көлігінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беру. Акция барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық төрағасы Т. Байғұлов темір жол нысандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, Алматы-1 темір жол вокзалы бастығының көмекші кезекшісі Э. Қапалбаева жолаушылар қойған түрлі сұрақтарға жауап берді.
Жолаушылар акция кезінде темір жол қызметінің ұйымдастырылуы мен вокзалдағы жаңа қызмет түрлері жайлы, темір жолдағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайында көлік полициясы қызметкерлері тарапынан тиянақты жауаптар алды. Жолаушылар мен қала қонақтары құқықтық тәртіп сақшыларына өздерінің ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді. «Жолаушы уақыты» акциясы жолаушылар мен көлік полициясы, басқа да көлік құрылымдары арасындағы екіжақты диалогты оңтайландыру, темір жол торабында орын алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыспен күрестегі өзара әрекеттестік құралы болып табылады.

Л.БЕКЕМҚҰЛОВА, Алматы 1 ст. ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*