Генералдардың резерві

Көп адам үшін полиция қызметкері мамандығы қызықты әрі көңілді болып көрінеді. Шын мәнісінде қоғамдық тәртіпті қорғау үлкен жігерлілік пен сенімділікті қажет етеді. Полиция қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тіге отырып қоғамдық тәртіпті сақтап, тыныштықты күзетеді. Сонымен, нағыз полицей қандай болу керек? Ол әрдайым физикалық жағынан дамыған, мықты, оған қоса төзімді және тапсырылған іске жауапты, заңды мінсіз біле отырып, шыдамды әрі сыпайы болуы тиіс. Осы қасиеттерге Жамбыл ст.ЖПб ЕБҚКб-нің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Талғат Спатай ие.
Талғат Спатай 1995 жылы желтоқсан айының 16-шы жұлдызында Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Тараз қаласындағы №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектепке барып, 2013 жылы осы мектепті үздік аяқтаған. Осы жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясына оқуға түскен. 2017 жылы аталған оқу орнын «Құқық қорғау» мамандығы бойынша үздік аяқтап, осы жылдың 23 шілде күні Жамбыл стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілі лауазымына тағайындалған.
2017 жылғы 4 шілде күні есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілі Т.Спатай Астана қаласында өткен Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысқан. Аталған мерекелік іс-шараны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашып, әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік погондар тапсырған. Сонымен қатар, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің төрағасы, Қорғаныс және ішкі істер министрі қатысқан. Осы салтанатты іс-шарада Т.Спатай өзінің алғашқы лейтенант шенін Қазақстан Республикасы бұрынғы Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Қ.Қасымовтың қолынан алды.
Т.Спатай академияның 4-курс тыңдаушысы болып жүріп, Жамбыл ст.ЖПб ЕБҚКб-де диплом алдындағы тәжірибеден өту барысында «Шымкен-Астана» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мүгедектерге арналған орында, салмағы 40 келі болатын кептірілген марихуана есірткі затын анықтаған.Бұл оның алғашқы өмірлік сабағы, алғашқы нәтижесі болды. Осы қылмысты анықтағаны үшін Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы Академиясының басшылығының атына тыңдаушы Т.Спатайды марапаттау үшін ұсыным хат жолданды.
2018 жылы полиция аға лейтенанты Т.Спатай сотқа 17 қылмыстық іс, оның ішінде 2 бұйрықтық іс жүргізу тәртібін жолдаған. Талғат кітап оқығанды, спортпен айналысқанды ұнатады және болашақта генерал болуды армандайды.
Еліміздің тәуелсіздік алған күні және Конституциямыз қабылданған жылы туған полиция аға лейтенанты Талғат Серікұлы бұл салаға не үшін келгендігін жақсы біледі, өз ісіне және мемлекет мүддесіне адал қызмет атқарады.

Жамбыл ст.ЖПб

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*