Айдананың алар асуы мол

Өскемен қаласында ІІМ ҚАЖК Төрағасының кубогы үшін ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Үлкен додаға облыстың түкпір-түкпірінен 270-ден астам ІІО қызметкері мен спортшылар қатысты.
Кілең мықтылар қатарында Қарағанды-Жолаушылар стансасындағы Желілік полиция бөлімшесі патрульдік полиция тобының полицейі, полиция кіші сержанты Айдана Тілеуханова да сайысқа түсті. Бұл жолы да Айдананың бағы жанып, 70 келі салмақ дәрежесінде 3 кездесу өткізіп, қанжығасына жүлделі ІІ орынды байлады.
Айдана 15 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысады. Бұған дейін ол бірнеше облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, чемпион атанды. Қоян-қолтық ұрыстан Қарағанды қаласының 4 дүркін чемпионы, Қарағанды облысының 6 дүркін чемпионы, Қазақстанның 2 мәрте чемпионы, сондай-ақ, республикалық турнирдің күміс жүлдегері. Сонымен қатар, спорт шеберіне үміткер, қара белбеу бойынша І дан иегері. Бүгінде қанжығасында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар.
Полиция кіші сержанты Айданадан біз әлі талай жеңістер күтеміз.

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*