Кең жүректі курсанттар

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек. Курс басшылығы қарамағындағы курсанттарды жастайынан қайырымдылыққа, адамгершілікке, сыйластық қасиеттерге баулуға ұмтылуда. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. Дегенмен, олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді.
Кең болсаң, кем болмайсың дегендей, курсанттардың шешімімен Академиямызға еңбегі сіңген ардагер қызметшіміз, аспазшы Нина Архиповнаға көмек көрсетуді ұйғардық. 1997 жылдан 2005 жылға дейін курсанттарымыздың асын дайындап, таңның атысы күннің батысы аянбай еңбек еткен қарияларымыздың еңбегін ескеріп, хал-жағдайын сұрап, үйіне барған болатынбыз. Қыстан шығып, жазға дайындық үстінде болар, қандай да іс-әрекеттеріне қол ұшын созуға ниеттеніп барып, көмек қолын күткен үлкен кісінің қолғанаты болып мәз-мейрам болып қайттық. Қыздарымыз үй тазалығына көмектесіп, ұлдарымыз отын шауып, қолдың күшін қажет ететін жұмыстардың барлығын жасап берді. Апай жайдарлы, ашық мінезді адам, курсанттармен тіл табысып, әңгімеге тартты.
Біздің мақсатымыз – баланы жастайынан игі істерге баулып, үлкеннің батасын алғызып, қайырымдылық істерге құлшынысын арттыру. Осы бағытта курсанттардың қайырымдылық іске деген құлшыныстары артып, кезекті қайырымдылық істер жасауға ниет білдіріп отыр.
Қайырымдылық іс жасауға себепкер болған, басшылықтың ұсынысын қолдап, курсанттарға үміт артқан Академияның басшылық құрамына 2 курс курсанттары атынан алғысымызды білдіреміз. Елбасының Жастар жылына арналған бағдарламасының шеңберінде бірталай жұмыстар жоспарлануда, бұл бастамамыздың алғашқы қадамы.

М.ҚАБЫЛДИН, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 2 курс бастығының орынбасары Г.МАКСЕТОВА, 2 курс курсанты

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*