Балық аулау кезінде сақтықты ұмытпа

Көкшетау қаласының тұрғындары мұзы еріген Қопа көлінен балық аулап, өз өмірлеріне тікелей қауіп төндіретінін ескермейді.
Қазір Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары, полиция капитандары Ербол Абдрахманов пен Алтынбек Бөкенов Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, алдын алу рейдтерін өткізуде. Онда азаматтарға көлдің еріп тұрған беті қандай қауіп тудыратыны туралы нұсқаулықтар беріліп жатыр.
Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта Қылшақты өзені бұрынғыдан да ерте еріп жатыр. Тәуліктің қараңғы уақытында мұзда болуға, әсіресе, мұз үстіне автокөлікпен шығуға қатаң тыйым салынады.
Көл жағасынан мұздың жедел еруін байқауға болады. Бұл балықшылар жүрген су айдынының орталық жағына бару, қажет болған жағдайда оларға көмек көрсету мүмкіндігін қиындатады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*