Ресейлік бизнесмендердің алғысы

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловке ресейлік «ФМФ» ААҚ лизингтік компаниясының басшылығы атынан алғыс хат келді. Кәсіпкерлер ұрланған мүлкін тапқандары үшін полицейлерге алғыс білдірген.
Компанияға тиесілі екі «КамАЗ» самосвал жартылай тіркемесі алаяқтық жолмен ұрланып, сату үшін Қазақстанға жіберілген болып шықты. Петропавл қаласы ПБ қызметкерлері және Мәскеуден келген компанияның қауіпсіздік қызметінің бастығы «ШМАС» жеке күзет агенттігі қызметкерлерінің көмегімен ұрланған көліктің тұрған орнын анықтады. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қаласы ПБ Анықтау бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қажетті сараптамалар аяқталған соң «КамАЗ» автомашиналары заңды иелеріне қайтарылатын болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшылығының күзет қызметі субъектілеріне жүргізген тұрақты бақылауының, сондай-ақ, күзет агенттігі басшылығы мен қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында компаниямыздың екі автокөлігі табылды», – деп жазған ресейлік бизнесмендер.
«Полициямен өзара жедел қарым-қатынас жасау – мемлекеттік емес күзет құрылымдары жұмысының маңызды шарттарының бірі, – деп атап өтті облыстық ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Самал Қасенова. – Облыстағы күзет фирмаларында 1800-ден астам адам еңбек етеді, олар 5,5 мың объектіге қызмет көрсетеді».
Жыл басынан күзет агенттіктерінің қызметкерлері 12 қылмысты ашуға қатысты күзететін объектілерде 11 ұрлықтың жолын кесті.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*