Пробациялықтар мерейі

Петропавл қаласындағы №9 орта мектепте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметі мен «Демеу» балалық шақ мәселелері бойынша үйлестіру орталығының бастамасымен «Жылдам, жоғары, күшті» ұранымен Жастар жылына арналған футбол турнирі өтті.
Оған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар және Пробация қызметкерлерінен 3 команда («Локомотив», «Копай», «Динамо-ПҚБ») қатысты.
Ойын қызықты және әсерлі өтіп, Пробация қызметінің құрамасы жеңіске жетті. Бұл спорттық шара саламатты өмір салтын насихаттауға арналды.
Ойын қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бауыржан ИБРАЕВ, Петропавл қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*