Дәстүрден жаңылдырмаған дода

27-29 наурыз аралығында «Динамо» СҚОФ базасында Солтүстік Қазақстан облысының күш құрылымдары арасында волейболдан спартакиада өтті.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД, ҰҚК департаментінің, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Ұлттық ұлан Әскери институтының, 6637 әскери бөлімінің, облыстық ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының және қалалық Полиция бөлімінің командалары қатысты.
Спартакиаданың мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін денешынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, сонымен қатар, спорттың әр түрі бойынша құрама командаларға мықты спортшыларды анықтау.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері күн сайын қызметтік міндеттерін адал атқарып қана қоймай, спорттық іс-шараларға белсене атсалысып, жүлделі орындардан көрініп келеді.
Бұл жолы да ҚАЖД құрамасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар кубокпен және грамотамен марапатталды.

Бөкенбай ЖҮСІПОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*