Тікұшақпен тексеру жүргізді

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қаланың шекералық аумағын тікұшақпен айналып ұшып, тексеру жүргізді.
Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бахыт Сұлтанов, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша орындаушы Марғұлан Аманбаев қатысты.
Айналып ұшу су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жинау және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу бойынша шаралар әзірлеу үшін жүргізілді.
Шара барысында Майбалық көлі, Вячеслав су қоймасы аудандарындағы, сондай-ақ, Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендеріндегі қар және ылғал қорының ауқымы нақтыланды. Ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп, елорда аумағында тасқын суларды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Әрбір учаске бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдың көлемі және жауапты орындаушылар анықталды.
Қала аумағындағы автомобиль жолдарының барлық су тасқыны қаупі бар және қар басатын учаскелерін, сондай-ақ, зардап шеккендер үшін жинақталған күштер мен құралдарды және жылыту пункттерін енгізе отырып, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ карталары әзірленді. Халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру және олардың тұратын жерлері анықталды. Атап айтқанда, темір жол вокзалы, автовокзал, мектептің спорт залдары, кейін оларды қонақ үйлер мен жатақханаларда орналастыру, сондай-ақ, қажет болған жағдайда су тасқыны кезінде пайдалануға болатын 73 ЖЭП бар.
Су тасқыны кезеңіне азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дайындау мақсатында қаланың коммуналдық қызметтері мен ішкі істер органдарының автокөліктері және инженерлік техникасының жалпы тобы жеке құрамнан 663 адам, 191 техника, оның ішінде 2 ПНС-110, 14 жүзу құралы, 67 мотопомпа, сондай-ақ, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Инертті материалдардың қоры 18 мың тонна (құм, ұсақ тас), жанар-жағармай және тамақ дайындалды.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*