Қос қызметкер баспаналы болды

2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Бөрілі ауданы Пробация қызметінің екі қызметкеріне аудан әкімдігі қызметтік пәтер бөлді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев: «Қызметтік міндеттерді орындау үшін Пробация қызметінің қызметкерлері Ақсай қаласындағы учаскелік полиция пунктінде кабинетпен қамтамасыз етілген, қызметтік автокөліктері бар. Осының бәрі Пробация қызметінің алдында тұрған міндеттерді табысты іске асыруға ықпал етеді. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес, заңмен анықталған жаза түрлерін орындау, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан, шартты түрде сотталған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған сотталғандарға бақылау жасау жұмыстарын тиімді орындауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Бөрілі аудандық Пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Серік Чақанов тұрмыстық тұрғыда көрсеткен көмегі үшін жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*