Республикалық біріншілікке жолдама

Павлодар облысындағы «Баянтау» спорт кешенінде жауынгерлік самбодан чемпионат өтті.
Облыстық Полиция департаментінің атынан жауынгерлік самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Руслан Костоев қатысты. Сайыс төрешілері мен қонақтарының пікірі бойынша қатысушылардың дайындық деңгейі өте жоғары болды. Жарыс барысында спортшылар өз біліктіліктері мен самбоның сан түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Нәтижесінде, 100 келі салмақ дәрежесінде бас жүлде Русланға бұйырды.
– Жауынгерлік самбо – спорттың әмбебап түрі. Ол спортшыны физикалық тұрғыдан ғана дамытып қоймайды, психологиялық және интеллектуалдық сапаларын дамытады. Яғни, жаттығып қана қоймай, барлығын ақылға салған дұрыс, – деп санайды Руслан Костоев.
Осы жеңіс арқасында біздің спортшымыз сәуір айында Алматы қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*