Қартын сыйлаған қадірлі ел

Қызылордалық полицейлер ғасыр жасаған қарт аналарға арнайы барып, құттықтады.
Қазыналы қартын сыйлаған ұлттың ұрпағы тәлімі мол болып өседі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында көктем мерекесіне орай, Арал ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері Сазды ауылдық округінің тұрғыны, 110 жасқа толған Ақжанай Танымбетова мен Аралқұм ауылдық округінің тұрғыны, 103 жасқа толған Тәжігүл Еңзепова әжейге құрмет көрсетіп, шаңырақтарында болып, арнайы құттықтап қайтты.
Қос ғасырдың, үш дәуірдің куәгерлері ендігі жерде тәуелсіз Қазақстанда әрдайым бейбітшілік болғанын тілеп, тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*