Арулар сайысы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде «Қыз – ұлт болашағы» атты арулар байқауы өтті.
Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себепті, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз.
Байқауға облыстық ҚАЖД-ға қарасты 12 мекемеден бір арудан қатысты. Атап айтқанда, ОВ-156/1 мекемесінен Бекзат Нұрмағамбетова, ОВ-156/2 мекемесінен Рашида Қамбарова, ОВ-156/3 мекемесінен Әлия Орымбаева, ОВ-156/6 мекемесінен Самал Смайылова, ОВ-156/14 мекемесінен Мөлдір Дуаленова, ОВ-156/15 мекемесінен Айзат Дінжанова, ОВ-156/16 мекемесінен Гүлнәр Исмаилова, ОВ-156/17 мекемесінен Назым Бұзаухаева, ОВ-156/18 мекемесінен Айнұр Төкенова, ОВ-156/20 мекемесінен Ләззат Нұрғазина, ОВ-156/21 мекемесінен Жанаргүл Апсалямова, ОВ-156/22 мекемесінен Іңкәр Сейтқамза бақ сынады. Арулар өз өнерлері мен білімдерін және қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетті.
Қазылар алқасы мен көрермендердің шешімдері бойынша «ҚАЖ аруы – 2019» байқауының бас жүлдесіне ОВ-156/22 мекемесінің аруы Іңкәр Сейтқамза қол жеткізді. Байқауға қатысқан әр ару өз өнерлері бойынша номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С. ТІЛЕУОВА, Шығыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*