Батырға лайық құрмет

Алматы қаласының ТЖД-де бес баланы құтқарған 25 жастағы батырға құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Оқу орталығының қызметкерлері қатысты.
Адамдардың өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Нұрқанат Дүйсен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ішкі істер министрінің атынан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіров Дүйсен Нұрқанатқа аталған марапатты салтанатты түрде табыс етті.
Серік Ғабдолұлы жалғыз өзі жанып жатқан үйдегі бес баланы от жалыннан аман-есен алып шыққан Дүйсен Нұрқанаттың кәсіби тағылымдамадан өтуіне, сондай-ақ, оған ерекше жағдайларда әрқашанда дайын болуға үйреткен командирлеріне алғыс айтты.
Өрт 2019 жылғы 11 наурыз күні сағат 18.00-де Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Первомайский көшесіндегі жатақханада орын алды. Өрт сөндіру бригадалары келгенге дейін аталған үйдің жанынан өтіп бара жатқан Дүйсен Нұрқанат терезеден айқайлаған дауысты естіп, тез арада көмекке ұмтылған болатын.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*