Ұлтқа қызметтің өзегі – ұжданда

Қызылорда облысының Полиция департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері және ата-аналарына арналған слет өтті.
Дәстүрлі шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерді, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнегеге тәрбиелеу.
Салтанатты шараға ішкі істер органдарына жақында қабылданған 60-қа жуық жас қызметкер, олардың тәлімгерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты. Қызылорда облысының ПД-мен қатар, шараға облысымыздағы барлық аудандық полиция бөлімдері, Қызылорда қалалық ПБ және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, ІІО ардагерлері, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де атсалысты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасы Жолдауы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарих факультетінің аға оқытушысы, саяси ғылымдардың кандидаты Сәулет Ерназарұлы баяндама жасады.
Облыстық Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай сөз сөйледі.
Шара кезінде жас қызметкерлердің арасында «Динамо» ДШСҚ тирінде өткен сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы, мұражайы және «112» диспетчерлік қызметі таныстырылып, соңында қызмет бабында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*