Қоғам белсенділерімен бірге

Өткен аптада Қызылорда облысының ПД ЖПҚБ жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қоғам белсенділерімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы сараптау арнайы мониторинг тобының мүшелерімен және телеарналардың журналистерімен бірге рейд ұйымдастырды.
Іс-шараның қатысушылары қозғалыс қарқынын ескере отырып, мүмкіндігінше жолдарды жабуға тырысты.
Мобильді топтар апаттардың себептері болып табылатын өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Рейд кезінде құқық бұзған қымбат автокөлік жүргізушілеріне 10 әкімшілік хаттама рәсімделді. Олардың ішінде қауіпсіздік белдіктерін тақпау, автокөліктердің терезелерін қараңғылату, белгіленбеген жерде көлікті тоқтату сынды ереже бұзушылықтар бар.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*