Қылмысқа қарсы «Құқықтық тәртіп»

Көлік полицейлері бір тәулік ішінде 400-ден астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні департаменттің қызмет көрсету аумағында 13 қылмыс тіркелді. Олардың 7-еуі кезекшілік тәулік ішінде, сондай-ақ, бұрын жасалған 9 қылмыс ашылды. Ісдестіруде жүрген 1 қылмыскер ұсталды», – деп атап өтті кеше Астана қаласында өткен брифингте Көліктегі Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов.
Департамент бастығының айтуынша, жоғарыда аталған іс-шара барысында бір тәулік ішінде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін 431 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольді масаң күйде болғаны үшін 78, белгіленбеген жерлерде темекі шеккені үшін 45, ұсақ бұзақылық үшін 30 және т.б. адам ұсталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 28 шетел азаматы құрықталды.
Кинологтар есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша 2 және кастет суық қаруын ұстап жүру бойынша 1 фактіні анықтады.
Көліктегі ІІО-ға 489 азамат жеткізіліп, 35-і дактилоскапиялық және 33-і фото-бейне тіркеуге алынды.
Уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталығына 9 адам жатқызылды. Қабылдаушы-бөлушілерге 3 адам орналастырылды», – деді ол.
А. Қабыловтың айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін 21-25 наурыз аралығында Наурыз мейрамына орай департаменттің және оның желілік бөліністерінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген режиміне көшті.
Департамент қызметкерлері мереке күндері еліміздің әуе және темір жол көліктеріндегі жолаушылар легін, вокзалдар, перрондар мен келіп-кету кезеңінде жолаушылар пойыздарын қадағалап, тексеретін болады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызмет басшылары мен жеке құрам қатарынан жедел топтар құрылады. Жоғарыда аталған нысандарда тәулік ішінде мыңнан астам көлік полицейлері жұмылдырылады.
Еске сала кетейік, 18-20 наурыз аралығында ІІМ Көліктегі Полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткен болатын.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*