Темір тор – қорғаныстың қолжетімді әдісі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері наурыздың 18-інен бастап ұрлықты ескертуге, алдын алуға және ашуға бағытталған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
ЖПІШ кезінде аумақтық криминалдық полиция бөлімдері Жергілікті полиция қызметінің 200-ден астам қызметкерімен толықтырылды. Он алты жедел-іздестіру тобы құрылып, ұрланған заттарды сатып алу және сатуы мүмкін орындар тексерілді. Криминалдық полицияның жедел ақпараттарды тексеру, ұрлық жасады деген күдіктілерді іздеу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу сияқты бағыттары бойынша жұмыс күшейтілді.
«ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Пётр Климовтың айтуынша, пластикалық терезені майыстыру – жеке тұрғын үйлерге кірудің негізгі тәсілі. Қорғаныстың әрі жеңіл, әрі қолжетімді әдісі – терезеге темір тор орнату. Бұл көпқабатты үйлердің бірінші қабаттағы пәтер тұрғындарына да қатысты. Сондай-ақ, сапалы құлып пен мықты есік, подъездерге кодпен кілттер және домофондар орнату ұрыларға тосқауыл болады. Ал қорғаныстың ең берік құралдарына дабыл және бейнебақылау жүйесі жатады. Қырағылық танытуды да ұмытпаған жөн. Өздерін түрлі қызметтердің өкілдері немесе көршілеріңіздің қонақтары деп таныстырғандарды, көз жеткізген соң ғана подъезге жіберу қажет. Әдетте ұрлық күндіз, адамдардың көбі жұмыста болған уақытта жасалады. Кей уақытта ұрылар түнде үй иелері есіктерін жабуға ұмытып кеткен пәтерлерді торуылдайды.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде жасалған үш ұрлықтың ізі суымай ашылды. Сонымен қатар, бұрын жасалған 17 пәтер ұрлығы анықталса, оның алтауы – «өткен жылдар» санатындағылар. Ұрланған заттарды сатумен айналысатын бес адам анықталып, есепке қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*