Кадрлық ауыс-түйіс жасады

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойып, сондай-ақ, бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады.

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Осы күні Елбасының Жарлықтарымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне; Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Берік Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне; Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Елбасының Қаулысымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа генерал-майор әскери атағы, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*